Жарнама
Экономика

Алтын құймаларға инвестиция саларда нені ескеру керек?

Ұлттық банк алтын құймаларға инвестиция салу кезінде қандай артықшылық және тәуекел барын мәлімдеді.

– Алтын құйма сенімді инвестиция құралы саналады. Қаптамасы бүтін болса, екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және банкке жатпайтын айырбастау пунктері құймаларды қайта сатып алып, клиентке сол күні ақшасын төлейді. Бұл – алтын құймасы нарығындағы өтімділікті сақтап тұратын басты фактор. Алтынға инвестиция салған кезде, алтын бағасы өзгеріп отыратынын, яғни өсуі де, түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Демек, инвестициялаудың кез келген түрі сияқты, алтынға байланысты инвестицияларда да толыққанды ескерілуі қажет тәуекелдер бар, — делінген Ұлттық банктің жауабында.

Өлшенген құймалардың құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) бір троя унциясы үшін АҚШ долларымен белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына ресми бағамына байланысты болады.

Өлшенген құймалардың бағасы күн сайын өзгеруі мүмкін. Бұл ретте ЕДБ және банкке жатпайтын айырбастау пунктері өлшенген құймалардың бағаларын өздері белгілейді.

Ұлттық банк күн сайын 1 грамм алтынның бағасын жариялап отырады. Ондағы деректерге сүйенсек, соңғы 3 айда алтын бағасы 4 мың теңгеге жуық өскен.

Мәселен, 2024 жылғы қазан айының 17-сінде бір грам алтынның бағасы 42 118.73 болған. Бүгінгі мәлімет бойынша, 1 грамм алтын 46 104.20 теңге болып тұр.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button