Экономика
114 мың тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімі алынбақ
Бұл туралы Ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рустемов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммникациялар қызметі.
Атырау облысы бойынша биыл шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесiлi егiстiктiң жалпы көлемі 9616 гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға өскен. Осы жылы белгіленген егіс көлемінің 7308 гектарынан өнiм алу жоспарлануда. Алынатын өнім көлемі 113,7 тонна болады деп күтілуде. Бұл ретте, картоп 19500 тонна, көкөністер 61000 тонна, бақша өнімдері 33200 тонна болып отыр.
- — Бұдан өзге, облыста жергiлiктi жерде өндіру мүмкiндiгi әлеуметтік маңызға ие 4 түрлі өнiмнiң бағасын шекті деңгейде ұстау үшін, негізгі әлеуметтiк маңызды азық-түлік өнімдерін өзi өндiрiп, қоймада сақтап, халыққа шекті бағада ұсынатын «АгроФеликс» ЖШС-нің өнiмдерiне косымша өнiмдер көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде, деді Б.Рустемов.
Оның айтуынша, шаруашылық құрылымдары әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк сату белгiленген орындарға 1 қыркүйек пен 1 қаңтар аралығында өз өнiмдерiн арзан бағамен шығаруға келісімдерін алды.