Жарнама
Экономика

Экономикалық өсім үшін 9,6 трлн. теңге инвестиция тартылады

Қазақстандағы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн. теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы республика Үкіметінің ресми сайтында хабарланды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр.

Экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі — елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды.

«Қазіргі біздің жүргізіп отырған экономикалық саясатымыздың басты мақсаты — экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өсу қарқынын арттыру. Ол үшін Үкімет нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 9,6 трлн теңге инвестиция тартылатын болады. Оның ішінде 7 трлн теңгесі бюджеттік емес көздерден тартылады, ол – жеке инвестициялар, квазимемлекеттік холдингтердің, ұлттық холдингтердің инвестициялары және шетелдік инвестициялар. Сондай-ақ отандық банктер мен қаржы ұйымдарының инвестициялары бар», — деді вице-премьер.

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button