Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 816 адам коронавирустан емделуде

Атырау облысында өткен тәулікте 75  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 17-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 45 жұмысшыдан, Жылыой -1, Индер-1, Махамбет -1, Құрманғазы ауданында 10 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 23-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 52 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 339 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  91  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 43,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 816 адам ем қабылдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button