Атыраулық ардагер журналист «Қазақ журналистикасының қайраткері» атанды

img 20200626 wa0017 Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Белгілі қаламгер Меңдібай Сүмесінов Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақ журналистикасының қайраткері» медаліне ие болды. Оны «Атырау- Ақпарат» медиахолдингінің директоры Әлібек Татанов тапсырды.

 Меңдібай Сүмесінов отыз жылға жуық журналистік жұмысында «Атырау» газетінде түрлі қызметтерді атқарды. Құлсары қалалық радиоредакциясында, аймақтық «Ар- честь» газетінде еңбек еткен. «Прикаспийская коммуна» газетінің Жылыой және Мақат аудандары бойынша меншікті тілшісі де болған.

Ол бүгінде зейнеткерлікке шықса да редакциямен байланысын үзбей, толғақты тақырыпты қозғаған материалдарын оқырмандарына ұсынуда.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз