Жаңа жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі халықты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
«Жаңа жыл қарсаңында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алуға шақырамын. Атап айтқанда халық көп жиналатын орындарға бармай, ұжымдық іс-шараларға, корпоративтерге бармау керек. Тоңып қалғаннан сақтанған жөн. Сонымен бірге өзіңізді және туыстарыңызды қауіпке ұшыратпас үшін заманға сай құттықтау үшін қашықтан байланысуға мүмкіндік беретін құрылғыларды пайдалану керек», – деді деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, министрліктің өкілі бұл күнді туған-туыстардың ортасында қарсы алуға шақырды.
«Құрметті қазақстандықтар! Пандемия әлі біткен жоқ. Әрбіріміз қазіргі жағдайда үлкен жауапкершілікті сезіне білуіміз керек. Алдағы мереке күндері эпидемиологиялық ахуалдың ушықтырмауы тиіс», – деді ол.
Аян Бекенұлы