Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 1 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар көлік тұраққа қойылды

Атырауда төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтаған.

Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button