Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

КОРОНАВИРУСТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ…

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 осы кіші түрінің таралуына мониторинг жүргізетінін жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары оңай мутацияға ұшырайтын және тез таралатын Омикронның жаңа түрін анықтады.

«Кентавр» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі. Ол 2022 жылдың мамыр айында Үндістанда табылды. Содан бері вирус оннан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Германия және Канадаға тарады.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы COVID-19 осы кіші түрінің таралуына мониторинг жүргізетінін жариялады.

ДДҰ директоры Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустың жаңа толқындары пандемия әлі аяқталмағанын дәлелдеп жатқанын айтты.

«Мен мемлекеттердің ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ жаңа нұсқалардың мүмкіндігін ескере отырып, COVID-19 әрекет ету жоспарларын жүйелі түрде қарап шығуға және түзетуге шақырамын» деді ол.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсе бастады.

Дереккөз: orda.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button