Атырауа бір тәулікте 86 тұрғыннан коронавирус анықталды

8. эpidahual COVID-19: Соңғы поштадан...

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 науқас анықталды, – деп хабарлайды atr.kz

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында 56 адамнан, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 4, Индер ауданында 2, Исатай ауданында 3, Қызылқоға ауданында 1, Мақат ауданында 2, Махамбет ауданында 5 адамнан шығып отыр.

48 науқаста ауру тиісті белгілермен, ал 38 адамда симптомсыз түрде өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 478 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 3 028 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 151, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульмонология орталығында – 61, кардиоорталықта – 13, т/ж ауруханасында – 14 пациент, облыстық ауруханада – 11, жатақханаларда – 33, аудандық инфекциялық стационарларда – 147 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 136 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз