COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина
Елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлады
Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
- — Қазақстан 14 күн бойы COVID-19 бойынша «қызыл» аймақта тұр. Ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Жоғары тәуекел аймағында еліміздің сегіз өңірі бар. Ағымдағы айдың басынан бері 29 200 жағдай тіркелген. Наурыз айында індет жұқтырғандардың 2,8 есе өсімі байқалады. Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі бар. Бұл ретте аурудың 60%-ы Нұр-сұлтан, Алматы қалаларына және Алматы облысына тиесілі,-деді Марат Шоранов.