
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
COVID-19: Атырау облысы «сары аймаққа» енді…
Алматы қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша «сарыдан» «жасыл» аймаққа, ал Атырау облысы керісінше, «жасылдан» «сары» аймаққа өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, «қызыл аймаққа» — Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары енген. «Сары аймақта» — Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары бар. «Жасыл аймақта» — Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, Алматы және Шымкент қалалары орналасқан.