«Nur Otan»: 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді

57d89cba 603e 4ca7 a78f 4b0be6f8a4b8 Жаңалықтар

«Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Atr.kz

«Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді.

Тек праймериз барысында ғана біз азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жинадық. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы 42 мыңнан аса аманат түсті. Олардың 65%-тен астамы аймақтық бағдарламаларды бекіту кезінде ескерілді» деп жазды ол парақшасында.

Еске сала кетелік, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мандатының сексен пайызынан астамы «Nur Otan» партиясына тиесілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз