
COVID-19: Соңғы поштадан...
БЦЖ вакцинасын алған балаларға «Pfizer» екпесін салудың қажеттілігі бар ма?
«Денсаулық сақтау министрлігі бұл сұраққа жауап берді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Әлемдік тәжірибеде БЦЖ-ның коронавирустан қорғауға әсерінің болуы туралы ғылыми негізделген дәлел жоқ.
«БЦЖ вакцинасы туберкулездің арнайы профилактикасы ғана үшін қолданылады.
Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды.
Жасөспірімдерді КВИ-ден қорғау үшін әлемдік деңгейде осы инфекцияға қарсы «Pfizet» вакцинасы ұсынылады» делінген министрлік жолдаған хабарламада.