unnamed 4

Коронавирус вакцинасы адамдарды зомбиге айналдырады – фейк

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Қазақстандықтар COVID-19 вакцинасы қауіпті болуы мүмкін деп алаңдауда. Кейбір пайдаланушылар желіде препарат адамдардың ДНҚ-сын өзгертіп, оларды тірі өліктерге айналдырады деп жазуда. StopFake.kz бұл пікірдің неге шындыққа жанаспайтыны жайлы айтып береді.

whatsapp image 2020 11 10 at 09.55.28 768x868 1

ДДСҰ деректері бойынша, бүгінгі күні 47 кандидат вакцина клиникалық сынақтың әртүрлі сатыларынан өткізілуде. Ресми түрде жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Барлық кандидат вакциналар әр түрлі принциппен әрекет етеді. Олардың ішінде, белсенді емес, аденовирустық, суббірлікті, сондай-ақ РНҚ және ДНҚ препараттары бар.  Алайда, олардың ешқайсысы, соның ішінде ДНҚ мен РНҚ негізінде жасалғандары да адамның немесе басқа тіршілік иесінің ДНҚ-сын өзгерте алмайды.

ДНҚ мен РНҚ вакциналары басқалардан оларды жасау үшін науқасқа жұқтырмай иммундық реакция тудыра алатын вирус геномының кішкене бөлігі пайдаланатындығымен ерекшеленеді. Бұған дейінгі вакциналарда патоген толығымен немесе оның басым бөлігі қолданылатын.

Вакциналар адамның ДНҚ-сын өзгерте алады деген идеяны Корнелл университетінің Ғылым альянсы тобының шақырылған ғылыми қызметкері Марк Линас жоққа шығарды.

– Бұл адамдардың бойынша күмән мен сенімсіздік ұялату үшін вакцинациялауға қарсы қозғалысты жақтаушылар қасақана тарататын миф. Генетикалық модификация бөгде ДНҚ-ны адам жасушаларына әдейі енгізуді талап етеді, ал вакцина оны істей алмайды. Вакциналар иммундық жүйені қоздырғыштар ағзаға жұққанда оларды тануға «үйретеді». Бұл антиденелер қалыптастыру арқылы иммундық реакция тудыратын вирустың антигенін немесе әлсіреген тірі вирусты енгу арқылы жасалады», – деді ол Reuters басылымына.

Вакцинацияланған адамдардың зомбиге айналатыны туралы теорияның тағы бір бөлігіне еш негіз жоқ. Зомбилер немесе тірі өліктер – фольклорлық кейіпкерлер. Денедегі барлық өмірлік процестер тоқтаған кезде мәйітті тірілту биологиялық тұрғыдан мүмкін емес.

Демек, COVID-19 вакциналары қауіпті және адамның ДНҚ құрылымын өзгертеді деген тұжырым дұрыс емес.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған