Мыңға жуық оқушы коронавирус жұқтырды

200709084829698e COVID-19: Соңғы поштадан...

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус жұқтырған 825 оқушы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

«Оқу жылы басталғалы індетке шалдыққан 825 оқушы тіркелді. Соның ішінде 261 жағдай кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында, ал 564-і қашықтан оқитын оқушылар», – деді Қиясов қазіргі эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды күшейту туралы онлайн баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарға баратын 62 оқушы вирус жұқтырған. 

Індетке шалдыққан балалардың дені Шығыс Қазақстан облысында –32 оқушы тіркелді. Павлодар облысында – 12, БҚО – 5, қалған өңірлерде бірлі-жарым жағдайлар.

«Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз