Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

70-ке жуық медицина қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды atr.kz

Бүгінде Атырау облысында 6575 медицина қызметкері бар , оның 1479-ы  — дәрігер, 5096-ы орта және кіші буын қызметкерлері.

 Пандемия  кезінде олардың барлығы коронавирустық инфекциямен күресуге өз үлестерін қосты.

— Әлемдік пандемия кезінде  «қызыл» аймақта жұмыс істеп күш-жігерін аямаған  дәрігерлердің ,ақ халатты абзал жандардың жанқиярлығы мен батылдығына куә болдық.  Сіздер мыңдаған отбасылардың қайта қауышуына, бақытты болашаққа үміт сыйладыңыздар. Сіздерге зор денсаулық тілей отырып, кәсіби мереке қарсаңында шын жүректен құттықтауға  рұқсат етіңіздер!– деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Салтанатты шара барысында 13 медицина қызметкеріне облыстық мәслихаттан, 18 медицина қызметкеріне облыс әкімінің атынан, 12 адамға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен алғыс хаттар табысталды.

whatsapp image 2021 06 18 at 18.35.49

13 дәрігер мен медбике Денсаулық сақтау саласындағы үздік қызметкерлер атанса,14 адам денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамоталарымен , 8-і Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button