Атырауда коронавирустан бір тәулікте 10 адам көз жұмды

1 10 Жаңалықтар

«Коронавирустан ем алып жатқан 10 науқас өткен тәулікте көз жұмды. Қазіргі таңда Атырауда 1 777 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда, ал, 6 564 адам үй жағдайында емделуде» деп хабарлайды Atr.kz

Қазіргі уақытта Covid-19 анықталған 89 науқас реанимацияда жатыр, оның ішінде, 15 адам жасанды демалу аппараттарына қосылған.

«Атап өтерлігі, 283 адам Сovid-19-дан емделді. Бүгінгі таңда Атырау облысында Covid-19-ға қарсы  вакциналардың I компонентімен 160 628 адам егілді.

117 189 атыраулық коронавирусқа қарсы вакцинаны толықтай алды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз