Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда бір тәулікте 5 адам коронавирустан көз жұмды

Атырау облысында бір  тәулікте 310 адам Covid-19 жұқтырған.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 310 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 24 науқас, Индер ауданында — 8, Қызылқоға ауданында — 8, Құрманғазы ауданында — 15, Мақат ауданында — 3, Махамбет ауданында — 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 202 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 91 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 469 адам емделді.

Қазір 8 614 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 179, екінші облыстық ауруханада – 181 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 62, кардиоорталықта — 93, т/ж ауруханасында — 86 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 355. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 433 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button