Атыраулық жүргізуші қасақана түрде апаттық жағдай туғызды

kueune Жаңалықтар


Автокөлігімен қасақана апаттық жағдай тудырған атыраулық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулеттің сөзінше, 9 наурыз күні әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан жүргізушінің басқаруындағы автокөлікке жол бермей, қасақана апаттық жағдай тудырғаны анықталды.

10 наурыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1989 жылы туылған Атырау қаласының тұрғыны анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз