COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина
Атырау «жасыл аймақта»: Коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 9 адамнан, Индер ауданында 2 адамнан инфекция анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 140 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 62 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 16 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 238 науқас жатыр.