ШВЕЙЦАРИЯ ДИПЛОМЫН АТЫРАУДАН АЛАДЫ

Енді шетелге шықпай-ақ, Атырауда жүріп Швейцария дипломын алуға болады. Мұндай мүмкіндік Атырау мұнай және газ институтының бастамасымен «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық қаржы және банкілер» мамандықтары бойынша MBA (Master of Business Administration) элиталы және DBA – Швейцария Бизнес мектебінің бағдарламалары аясында жүзеге аспақ.

 

Аймағымызда алғаш рет іске асқалы отырған бірегей жоба – «Швейцария дипломы – Атырауда!» деп аталады. Швейцария Бизнес мектебі үздік бизнес-мектептер қатарына жататыны белгілі. Сондай-ақ, Еуропадағы МВА үздік бағдарламалары арасында 16-орынға ие. Жоғары білім сапасы сертификаттарының да иегері саналады. Атырау мұнай және газ институтының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланыс қызметкері Гүлшәра Мұханғалиева бағдарламаның негізгі артықшылығы шетелге шықпай-ақ, Атырауда оқып, Швейцария елінің дипломдарын алуға болатынын айтады. «Уақытты айтарлықтай үнемдеу, қашықтықтан емес, күндізгі білім алу да басты ерекшеліктердің бірі. Бағдарламаның «швейцариялық» бөлігі бойынша Швейцария Бизнес мектебінің профессорлары, бизнес-практиктер, ірі халықаралық компанияларының жетекшілері сабақ береді», – дейді ол.

Аталған бағдарламалардың ресми тұсау кесу рәсімін «ЕврАзия» Жоғары Бизнес мектебінің президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Садуақасова жүргізбекші. Швейцария дипломына қол жеткізгісі келетіндер anara.interprog@gmail.com электронды мекен-жайына немесе +77019139420, +7(7122)35-43-68 телефондарына хабарласып, толық ақпарат ала алады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз