ХАБАРЛАНДЫРУ!

img 20221117 wa0072 Жаңалықтар

Құрметті Атырау облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылар!

Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 жж.күзгі-қысқы кезеңінің басталуына байланысты ауа-райының күрт өзгеруі кезінде (қалың қар, көктайғақ, тұман, жаңбыр) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажет.

Бастапқыда автокөлікті дайындау бойынша шаралар қабылдау қажет (қысқы дөңгелектерді уақытылы ауыстыру, майлар мен сұйықтықтарды ауыстыру, автокөлікті өрт сөндіргіштермен, сүйреу кабельдерімен (трос) жабдықтау, қысқы дизельдік отынмен қамтамасыз ету және т. б.).

Сондай-ақ, авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, ал қажет болған жағдайда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай отырып, күндізгі уақытта шығуды жүзеге асыруға өтініш білдіреміз.

«ҚазАвтоЖол«ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы бойынша Атырау облысы бойынша өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін 24 арнайы техника дайындалғанын, сондай-ақ 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығы (Атырау облысы бойынша кезекші қызмет 8 71 22 29 01 44) тәулік бойы жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.

Құрметпен,

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Атырау ОФ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз