Атырау қаласының Бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты
Атырау қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шықты, деп хабарлайды Atr.kz
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, Атырау қаласы аумағында қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтарындағы №1 қаулысымен басшылықа ала отырып Атырау қаласында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталғанға дейін келесі крантиндік шектеу іс- шаралары сақталсын.
1) көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру саласындағы іс-шараларын, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
2) барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың, караоке,компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда)қызметін тоқтату;
3) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, қаладағы алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалатын орындарында 3 адамнан артық жиналуына тыйым салынсын;
4) мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметін тоқтата тұру;
2. Атырау қаласының тұрғындарына:
1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындар және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерін кию міндеттеу;
3) 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
4) барлық Атырау қаласының тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс береді;
3. Атырау қаласының әкімдігі, Атырау қаласының полиция басқармасы, Атырау қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі:
1) Өз жұмысын жандандырған нысандарда эпидемияға қарсы шаралардың сақталуына мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырып, талапты бұзған тұлғаларды ҚР заңнамасында қарастырылған шаралар шеңберінде жауапкершілікке тартып, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етсін.
2) Қала тұрғындары арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөнінде бұқаралық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
3) Атырау қаласының әкімдігі осы қаулыда көрсетілген шектеу шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзімнің жауапкершілігіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Атырау қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Гайнеденов