20190524120617

«ҚазАқпарат» пен «Атырау-Ақпарат» арасында меморандум жасалды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/26 мамыр, 2019 жыл. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Атырау-Ақпарат» медиа xолдингінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандумның мақсаты ақпарат саласында ынтымақтастық пен берік байланыс орнату, қос тараптың медиа мамандарының өзара тәжірибе алмасуы арқылы кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал жасау болып отыр. Бұдан бөлек, «ҚазАқпарат» пен «Атырау-Ақпарат» аймақтық медиакеңістікте сапалы контентті арттыру жолдарын қарастырып, өңірлердегі журналистиканы дамытуға да қолдау жасамақ. Айта кетерлігі, осы шара аясында құрамында облыстық және аудандық газеттің өкілдері бар «Атырау-Ақпарат» делегациясы «ҚазАқпаратта» қонақта болып, агенттіктің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Ал екі тарап арасындағы Меморандум елімізде және жаһанда болып жатқан жаңалықтарды онлайн режимде жедел әрі шынайы таратуға, сапалы контент өндіруге, біртұтас ақпараттық кеңістік орнатуға және конвергенттік журналистиканың қалыптасуына жол ашатын болады. «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің құрамына қазіргі уақытта облыстық газеттермен бірге бірнеше аудандық газеттер біріктірілген. Айта кетсек, «ҚазАқпарат» ХАА қазіргі таңда республикалық және облыстық деңгеймен бірге, аудандарда да стрингерлік желіні дамытуға мән беріп келеді. Қазірдің өзінде бірнеше ауданында агенттіктің штаттан тыс тілшілері қызмет етуде. 

20190524120624

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған