Мақаттықтар африкалықтарға су құдығын салып берді

87868 Жаңалықтар

Ауыз суға мұқтаж Африка құрлығындағы Камерун елінің жұртшылығына мақаттықтар су құдығын қазып берді. 

Құрылыс жұмыстары сәуір айының аяғында басталып, 4 мамыр күні ашылу салтанаты ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мақаттықтарға алғысын жаудырған видео жолдады. 

“Африкадағы жетімдер үйіндегі балаларға ауыз ашар бергеннен кейін, игі істі жалғастырып су құдығын қазып беруді қолға алдық. Рамазан айының соңғы он күндігінде есепшот ашылып, тұрғындардан ақша жинап бастадық. Ораза біткенше қажетті қаражат толықтай жиналып, жергілікті қорға ақшаны аудардық. Нәтижесін фото-видеомен жіберді”, – дейді ұйымдастырушылар.

Игі шараны еріктілер Африкаға қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық бағытындағы Telegram-арна арқылы жасаған. Мақаттықтар су құдығын салу үшін 500 мыңға жуық қаражат жинапты. Құдық 3-4 аптаның ішінде салынып бітті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

maqat-tynysy.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз