Жылыой ауданында жаңа көпір салынды

screenshot 3 1 Жаңалықтар

Құлсары қаласындағы автокөлікке арналған көпір құрылысы аяқталып, жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрманов пен Сариев көшесін жалғайтын көпір құрылысының мердігер мекемесі «Казкомсервис» ЖШС.

-Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Жоба шеңберінде Құрсай өзегіне ұзындығы 80, ені 14 метр көпір және көпірге кірме 210 метр автокөлік жолын салу жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айының соңына дейін халық иглігіне беріледі деп күтілуде, – деді аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Жолдыбаев.

Айта кетейік, Жылыой ауданында 80 мыңнан астам халық болса, Құлсары қаласында 60 мыңдай тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз