Атырау облысында өткен тәулікте 81 адамда коронавирус анықталды
Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысында өткен тәулікте 81 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 66 жұмысшыдан, Жылыой -4, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 11-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 29 науқас емделіп шыққан..
Айта кетейік, қазіргі уақытта 267 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 103 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 40, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 669 адам ем қабылдауда.