«МАРАФОН – ӨМІРІМНІҢ БӨЛШЕГІ ..»

dscn9650 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/17 ақпан, 2020 жыл. Жуырда Ресей мемлекетінің Волгоград қаласында Сталинград шайқасындағы  жеңіске  77 жыл толуына орай  халықаралық марафон болып өтті. Осымен 73-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл жаппай жүгіруге үш атыраулық марафоншы қатысты.   

– Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл марафонға мен жыл сайын қатысамын. Биыл 73-ші рет жүгіру алаңына шықтым. Жыл сайын шақырту аламын. Бұл жарыс менің өмірімнің бір бөлшегіне айналғандай. Осы жарысты жыл сайын асыға күтемін.  Қазір жасым 60-қа  таяды.  Дегенмен, болашақта да осы үрдісті жалғастырғым келеді, – деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушы-профессоры Асқар Қазиев.

Ол, өз жасындағы желаяқтарға белгіленген 5 шақырымдық марафонды жақсы көрсеткішпен жүгіріп шыққан. Егде спортшы бұл жолы өзімен бірге екі шәкіртін ілестіре келген. Аталмыш оқу орнының  суденттері Бейбарыс Елтай (АиУ-17, қ/т)  мен Айбол Жұмабек (НГД-19 қ/т) 10 шақырымдық бәйгеге қосылып, өздерінің спорттық мүмкіндіктерін сынап қайтты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

dscn9652

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-to%d2%a3azyt%d2%9byshta-%d3%a9lgen-s%d3%99bi-o%d2%9bi%d2%93asy-bojynsha-%d2%afshinshi-d%d3%99riger-%d2%b1staldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз