Атырау мектептерінде асханалар ашылып жатыр

1 14 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Бүгіннен бастап облыс мектептерінде асханалар біртіндеп жұмысқа кірісуде» деп хабарлайды Atr.kz

Мәселен, бүгін таңертең Атырау қаласындағы №40 жалпы білім беру мектебінің асханасынан бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары ауқаттанды.

«Карантин талаптарын сақтау мақсатында – әр сыныптың ауқаттану уақыты арнайы графикке сәйкес бекітіліп отыр. Бастауыш сыныптар 15 баладан арнайы белгіленген уақыттарда және 5-9 сынып аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары бекітілген мезгілде тамақтануда. Менюде бала ағзасының дамуына қажетті ақуыздармен, дәрумендермен байытылған тағамдар қамтылған» делінген аталмыш мектеп әкімшілігінен алынған ақпаратта.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу көрсеткішіне байланысты, аймақтың  «жасыл аймаққа» енуіне орай, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мектеп асханаларын қайта іске қосуға рұқсат берген болатын.

Бүгінде облыс бойынша 196 мектепте 134 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз