Жарнама
Жаңалықтар

Монета да – бағалы сыйлық

Осы айда Қазақстанның Ұлттық Банкі айналымға жаңа ескерткіш монеталар шығара бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен кезекті брифингте аталған банк филиалының өкілдері хабарлады.

Банк ісі

Ұлттық Банкте алтын мен кү­міс инвестициялық монеталар пайда болды. Арасында белгілі бір мерейтой құрметіне арнайы со­ғы­л­ған ескерткіш жинақ монеталар да кездеседі. Олардың таралымы төмен және бағалы емес металдардан жасала береді. Әйтсе де, оны дайын­дау кезінде күрделі технология мен көркемдік безендіру әдістері қолданылады. Сондай-ақ, қолма-қол ақша айналымына арналғаны да бар.

Қазір коллекциялық күміс монетаның 26, алтынның алты, инвестициялық алтынның үш, белгілі даталарға арналған монетаның үш және нейзильберден жасалған монетаның  он сериясы, барлығы 366 түрі шығарылған. Атап айтар болсақ, «proof» сапасымен алтын мен күмістен ескерткіш ретінде жасалған «Банкноталардағы портреттер» сериясынан «Абылай хан» (500 теңгелік), «Шығыс  күнтізбесі»  сериясынан  «Ит  жылы»  (500  теңге)  және нейзильбер құймасынан жасалған монеталар (100 теңге) шықты. Олардың таралымы бір мыңнан он мыңға дейін жетеді.

Осы орайда «Атырауда қайсысы сұранысқа ие?» деген сауал туындайды. Олардың ішінде баланы қырқынан шығару, сүйіндіру, бата беру секілді ұлттық әдет-ғұрыптарға арналған «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын ерекше атап өтуге болады. Төбет, тазы, алма отаны тақырыптарында өрбитін «Республика игілігі» топтамасына да қызығушылық жоғары. Сол секілді, «Спорт» сериясы бокс, ауыр атлетика, коньки тебуге бағытталса, «Жүректен–жүрекке» топтамасында ана бейнесі көрініс тапқан.

Биылғы алты айдың ішінде Ұлттық банк филиалымен 33 алтын, оның ішінде 18 коллекциялық, 346 күміс, соның арасында 310 жинақ монета сатылды. Монеталарды Атырау қаласында, Уәлиханов көшесі, 2 «а» үйде орналасқан аталған банк бөлімшесінен (дүйсенбі-жұма күндері аралығында, сағат 830-1400) сатып алуға болады.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button