Облыс әкімі мектеп-гимназияның жаңа ғимаратының тұсауын кесті (ФОТО)

ЕАС 659 Білім

«Көптен күткен ұлы той» демекші, шәкірттердің бес жыл бойы сарыла күткен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық мектеп-гимназиясының Нұрсая ықшамауданынан бой көтерген жаңа ғимараты бүгін есігін айқара ашты. Алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ұстаздар қауымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

ЕАС 659

– Облыс мектептері жаңа оқу жылына сақадай сай, – деді ол. – Биыл жеті білім беру нысаны тапсырылса, енді тағы төртеуі іске қосылады. Төрт балабақша пайдалануға берілсе, келесі жылы тағы оны салынады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрмыстық деңгейін көтеру, бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ, білімді, тәрбиелі, белсенді азаматтарды тәрбиелеу бағытында тапсырмалар берді. Оның орындалуына сіздер мен біздер бар күш-жігерімізді қосамыз. Сапалы білім алуға бүгінде барлық жағдай жасалған. Мектептердің материалдық-техникалық базасы, оқу құрал-жабдықтарының сапасы – алдыңғы орында. Ендігі кезек шәкірттерде, олар ұстаздары берген берген білім мен ата-анасының тәрбиесін бойларына сіңіріп, артылған үмітті ақтауға тиіс. Ендігі мақсат – үш ауысымдық мектептерді жою, ал, бұл алдағы уақыттың еншісінде.

ЕАС 445

Жалпы алғанда, биыл облыс бойынша барлығы 129 мың оқушы білім алмақ. Бұл өткен жылғы көсреткішпен салыстырғанда он мыңға артық. Оның 15 мыңы мектеп табалдырығын жаңадан аттайды. Айта кету керек, аталған білім ұясы «Теңізшевройл» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің демеушілігінің арқасында салынып отыр. Осы ретте, серіктестіктің бас директоры Тед Этчисон сөз алып, қуанышқа ортақтастығын білдірді.

– Біздің компания әлеуметтік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында «Игілік» бағдараламсы арқылы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысына қомақты қаражат бөліп келеді. Солардың бірі, мына жаңа мектеп те заман талабына сай салынған. Мұнда сапалы білім алуға қажеттінің барлығы да қамтылған. Бұл орайда, облыс әкімінің жекелей қолдау көрсеткені үшін зор алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай ынтымақтастық, достық қарым-қатынаста жемісті жұмыс жасай берейік, – деді ол.

ЕАС 527

Символикалық кілтті аманаттап алған оқу орнының директоры София Әлібаева бұл мектеп-гимназияның республикадағы жүз үздік білім ұясының қатарында екенін, бүгінгі күнді бес жыл бойы аңсап күткенін жасырмай, осы қуанышты сыйлаған өңір басшысына шексіз алғысын білдірді.

ЕАС 631

ЕАС 677

ЕАС 721

ЕАС 782

ЕАС 704

ЕАС 262

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз