Қызмет көрсету уақыты қысқарды

15433cfbb53 Жаңалықтар

Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат ету және тағы басқа қызметтердің уақыты қысқарды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

15433cfbb53

«Қазақстанда байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру қызметтері бойынша қызмет көрсету уақыты қысқарды», – делінген корпорацияның Фейсбук парақшасында.

Атап айтқанда, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия алу мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» қызметін 20 жұмыс күнінің орнына, 5 күн ішінде алуға болады. Сондай-ақ «ҚР радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» қызметі толықтай автоматтандырылды, дайын рұқсат құжаты 20 күн ішінде беріледі.

Сондай-ақ, «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды ҚР аумағына әкелуге қорытындылары және олардың импортына лицензия беру» қызметі бойынша лицензия алу мерзімі 16 жұмыс күнінен 8-ге дейін қысқарды. Одан бөлек, мәлімдемеде айтылғандай жоғарыда аталған құралдар мен құрылғыларды Қазақстанның аумағына әкелу туралы қорытынды мен оған берілетін лицензия қызметі біріктірілді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз