90,2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 90 миллионнан асты.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 11 қаңтар, сағат 07.22-дегі мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 90 млн 216 мың 381 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 933 мың 487 науқас.
Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер:
АҚШ — 22 377 230
Үндістан – 10 450 284
Бразилия –8 105 790
Ресей –3 366 715
Ұлыбритания –3 081 368
Франция –2 840 864
Түркия — 2 326 256
Италия –2 276 491
Испания –2 050 360
Германия – 1 929 410
Колумбия –1 786 900
Аргентина –1 722 217
Мексика –1 524 036
Польша – 1 385 522
Иран –1 286 406
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 10 қаңтар күні сағат 03.42-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 88 млн 383 мың 771 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 919 мың 126 науқас.
Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының бүгінгі статистикасына сүйенсек, елімізде індет барлығы 163 мың 19 адамнан анықталды. Оның ішінде 149 мың 82-сі жазылып шықса, 2319 науқас қайтыс болды.