Атырау қаласының оң жақ бөлігінде газ өшірілді

4 Жаңалықтар

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ магистральдық газ құбырындағы жұмыстарға байланысты газдың жоспарлы түрде өшірілетіндігін хабарлайды.

4

Магистральдық газ құбырындағы жөндеу «Атырау Магистральдық газ құбыры әкімшілігінің 2018 жылға газ тарату станциялары үшін жоспарлы аялдамалар кестесіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Осыған орай, 24 шілдеден бастап 26 шілдеге дейін Атырау қаласындағы тұтынушыларға табиғи газ жеткізу қаланың оң жағалауындағы Еркінқала ауылынан Алмалы ауылына дейінгі қала маңы елді мекендерінде тоқтатылды.

«Қаланың тұрғындары мен қонақтарынан тиісті сақтық шараларын ескеруін сұраймыз», – дейді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалы.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз