Жарнама
Білім

«ЖАС ДАРЫННЫҢ» ДАРАБОЗДАРЫ

Шара барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Қалауи жеңімпаздарды құттықтап, конкурстың жастар арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулуда маңызы зор екенін айтты.
— Облыс көлемінде жастар қозғалысының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан көшбасшыларды, әр саладағы жастар арасынан өз мамандығының шеберлерін анықтау мақсатында өткізілген шара он екі номинация бойынша жүргізілді. Оған жетпістен аса жас қатысып, бақтарын сынады. Конкурс үздіктері аталым бойынша сараптама жүргізетін мамандардан құрылған комиссия отырысында анықталған болатын, — деген Мейірім Қалауи жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
«Үздік жас мәдениет қызметкері» номинациясының сыйлығы Хамил Сүйекбаевқа табыс етілсе, «Үздік жас ерікті» атағын Алмас Нысанбаев, «Үздік жас спортшы» сыйлығын Ержан Ордабаев жеңіп алды. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» Әлібек Ермекқали деп танылса, ал, «Үздік жастар ұйымы» номинациясында «Тарлан Атырау» қоғамдық бірлестігі, «Үздік жас кәсіпкер» Әнуар Жұмабай мен Нұрлан Есмұхановқа бұйырды. Сондай-ақ, «Үздік жас журналист» номинациясында Айымзада Сәндібаева жеңімпаз атанды.
Кеш соңында Н.Жантөрин атындағы филармонияның әртістері өнер көрсетті.

Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button