Атыраулық 18 түлек әлемнің таңдаулы университеттерінде оқуға шақырту алды

367721900 964099584936879 4592628447020963135 n Білім

Асқар Альмұхаметов Атырау қаласындағы NIS-ті тәмамдап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарына шақырту алған түлектердің бірі.

– Осы жылы мен UC Berkeley, Columbia, University of Toronto, Georgia Tech, және KAIST-ке шақырту алдым. Негізгі бағытым компьютерлік ғылым болғандықтан, мен осы мамандық бойынша әлемдегі екінші үздік университет болып саналатын UC Berkeley-ді таңдадым – дейді Асқар.

Айта кету керек, АҚШ-тың Калифорния штаты, Беркли қаласында орналасқан бұл университет білім беру бағдарламалары бойынша сол елдегі ең үздіктер қатарында. Университет компьютер және IT технологиялар, экономика, физика салалары бойынша әлемге әйгілі.

Ал Полина Вардашко Канада астанасы Оттава қаласында орналасқан Carleton University-не оқуға түсті.

– Әуел бастан-ақ мен Канадаға баруды жоспарладым. Жоғары оқу орындары арасында бәсекеге қабілетті, мықты зертханалық ортасы бар университетке қабылданғаныма өте қуаныштымын, енді бірер ай ішінде арманымдағы университеттің биохимия және биотехнология бағыты бойынша студенті атанамын, – дейді ол.

Атыраулық түлектер АҚШ-тағы University of California at Berkeley, Канададағы Carleton University, Seneca College, Венгриядағы University of Debrecen, Corvinus University, Эстониядағы Tallin University of Technology, Италиядағы Sapienza University, University of Siena, University of Cassino, LUISS Guido Carli University, Чехиядағы Anglo-American University, Czech Technical University in Prague, Түркиядағы Istanbul University, Hacettepe University, сондай-ақ, Германиядағы University of Applied Sciences Wurzburg-Schweinfurt сынды алпауыт білім ордаларында оқитын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз