Есболдан жаңа мектеп ғимараты бой көтереді

img 20210129 wa0065 Жаңалықтар

Биыл Индер ауданындағы аудан орталығынан кейінгі үлкен елдімекен 4651 тұрғыны бар Есбол ауылынан 320 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтермек, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

1937 жылы пайдалануға беріліп, мектепке бейімделген, 2013 жылы апатты жағдайда деп танылған Қ.Есқалиев атындағы мектеп ғимараты санитарлық нормаларға сай емес. Жалпы ауданы 883,40 шаршы метрді құрайтын тар сыныптарда 247 оқушы білім алуда.

Жаңа ғимарат салынатындығы туралы ақжолтай хабар мектеп ұжымымен қатар ауыл тұрғындары үшін де зор қуаныш болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз