![Ұлттық ойындар кабинеті ашылды 1 img 20240502 wa0082](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240502-wa0082.jpg)
Білім
Ұлттық ойындар кабинеті ашылды
Қызылқоға ауданы Сағыз орта мектебінде ұлттық ойындарды ұлықтап, келешек ұрпаққа насихаттауға арналған арнайы кабинет ашылды.
![Ұлттық ойындар кабинеті ашылды 2 img 20240502 wa0086](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240502-wa0086-1024x576.jpg)
Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, кабинетте қазақтың «Бес тас», «Тымақ ұру», «Қамшылау», «Ақсүйек», «Асық ату», «Садақ ату», «Көкпар», «Ләңгі тебу» ойындарына қажетті құралдар қойылған. Сонымен қатар арнайы дидактикалық материалдар мен әдістемелік бұрыш жасақталған.
![Ұлттық ойындар кабинеті ашылды 3 img 20240502 wa0087](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240502-wa0087-1024x576.jpg)
Айта кету керек, Ұлттық ойын кабинетін білім ошағының алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастама көтеріп, өз күштерімен ашқан.
Мәлике МӘЛІК