«Білімге ақ жол, студент!»

Салтанатты шара Білім

Осындай атаумен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық  колледжінің акт залында студент-терді қабылдау кеші өтті. Жаңа оқу жылында жиырма екі мамандық бойынша 361 жас оқуға түсті.

Мерекелік шараны колледж директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бағыт Шеркешбаева ашты.

%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0

– Кешегі оқушы – бүгінгі студент. Сексен алтыншы рет оқу жылын бастаған колледж – тарихы  терең  қазыналы білім ордасы. Оның  заманауи кадрлар дайындап шығарудағы еңбек нарығында өзіне лайықты орны бар екендігін мақтан етеміз. Сондай-ақ, білім нарығындағы географиялық аумағымызды  да кеңейтудеміз, болашаққа батыл қараудамыз. Осы орайда  өз елімізде ғана емес, алыс және жақын шет елдермен  әріптестік байланыстар орнатылуда. Мысалы, Беларусь, Германия, Сингапур елдерімен  қатынасымыз жақсарды.

Колледж студенттері  оқумен бірге  қоғамдық-саяси  өмір, мәдениет, спорт,  ғылым салаларынан да тыс қалып көрген емес. «Нұр Отан» партиясымен, оның «Жас Отан» жастар қанатымен, Жастар ісі жөніндегі басқармамен, Студенттер альянсымен, басқа да ұйымдармен тығыз байланыстамыз, – дейді ол.

Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева қатысып, бірінші  курс студенттерін  құттықтап, оқуда жеміс, келешекте білікті де, білгір маман болуларына ізгі тілек білдірді.

Әр бөлім студенттері өздерінің мамандықтарын таныстырып, өнерлерін көрсетті. Шара барысында спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, конференцияларға белсенді қатысып, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде түрлі марапаттарға ие болып жүрген студенттер  ортаға шақырылып, олар өз жетістіктерімен бөлісті.

Колледж басшысы  Бағыт  Шеркешбаева «Білім кілті» мен  «Сынақ кітапшасын» І курс студенттеріне  салтанатты жағдайда  табыс етті.

Шара соңы мерекелік концертке ұласып, студенттерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз