Жарнама
Білім

Оқушылардың жеңісі – ұлттың абыройы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдауы – елімізде білім мен ғылымға көрсетіліп отырған зор құрметтің айқын дәлелі. Бұл – тек дарынды оқушылар үшін ғана емес, бүкіл ұстаздар қауымы мен білім саласы өкілдеріне шабыт беретін маңызды оқиға.

Жас өрендердің халықаралық деңгейдегі сайыстарда алтын, күміс, қола медальдар иеленуі – олардың қажырлы еңбегінің, білімге деген талпынысының және ұстаздарының кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Президентіміздің «әр жеңіс, әр медаль – тынымсыз ізденіспен, маңдай термен келеді» деген сөзі бізге – ұстаздарға да, шәкірттерге де үлкен жауапкершілік жүктейді.

Бүгінгі күні Қазақстанның білім саласында осындай жарқын жетістіктерге қол жеткізілуі – еліміздің болашағының берік іргетасы қаланып жатқанын көрсетеді. Ұлттық деңгейдегі олимпиадаларда ғана емес, халықаралық деңгейде де көк байрағымызды биіктен желбіретіп жүрген оқушыларымыз – нағыз ел мақтанышы.

Ұстаз ретінде Мемлекет басшысының білім беру ісіндегі мұғалімдердің рөлін ерекше атап өтуі біз үшін зор қолдау және рухани демеу болды. Бұл – болашаққа тың серпінмен, жаңаша көзқараспен қадам басуға жетелейтін қуатты мотивация.

Осы орайда, ел ертеңі – жастар екенін ұмытпай, оларды қолдауға, дамытуға, білімге жетелеуге барлық күшімізді салатынымызды жеткізгім келеді.

Зухра ТОҒАЙБАЙҚЫЗЫ,

Ә.Жангелдин орта мектебінің мұғалімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button