
NIS Atyrau – үздік үштік қатарында
Алматы қаласында өткен робототехника бойынша «First Robotics Almaty Tech Cup 2025, Central Asia First Championship (CAFC) 2025» жарысында NIS Atyrau командасы жүлделі III орынды иеленді.
Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнертапқыштардан құралған команда құрамында Хадиша Шабай, Нұралы Жақсылық, Самира Әміржан, Альтаир Күшалиев, Ахмеди Зинолла, Шерхан Абылай, Алдияр Асқарұлы, Жанұя Жарас сынды белсенді әрі зейінді оқушылар бар.
Айта кетейік, аталған додаға Азияның 20 елінен 3000-ға жуық қатысушы бақ сынаған болатын. Жарыс барысында оқушылар инженерлік дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс нәтижесін жоғары деңгейде көрсетті. Жеңімпаздарға ұстаздары Асқар Маратұлы жетекшілік етті.
Бек АЙДАРӘЛИ