Білім
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі 5 қазанға ауыстырылады
Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталына еліміздегі мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады. Онда мұғалімдер күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Қолданыстағы «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі негізінен қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.