Атырауда білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді

WhatsApp Image 2018 10 04 at 10.47.08 Білім

Атырауда білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде білім беру саласының жүздеген мұғалімдері мен ардагерлері жиналды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-10-04 at 10.47.10

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев білім беру саласының қызметкерлерін құттықтап, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестерін, үлкен жауапкершілікті және құрметке лайықты еңбектерін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде барлық аспектілерде, оның ішінде білім беруде адами капиталдың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Сіздердің мойындарыңызда ауыр жүк жатыр – бұл өз оқушыларыңызға жеткізу міндеттелген білім байлығы. Жыл сайын жұмыстарыңыз өте күрделене түсуде, уақыт үнемі жетілдіруді, жаңа технологияларды меңгеруді және өз біліміңізді оқушыларыңызға жеткізу дағдысын талап етеді»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы бүгінгі күні өңірде білім беру секторының материалдық-техникалық және әдістемелік базасын жетілдіру, білікті педагогикалық кадрларды тартуға, сақтауға және қолдауға бағытталған үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Бүгінде облыстың білім беру желісіне 194 мектеп, 328 мектепке дейінгі мекеме, 3 жоғары оқу орны, 24 колледж енеді. Мұнда 123 мыңнан астам адам білім алып, 15 мыңнан астам педагог қызметкерлер жұмыс істейді.

«Сіздер қиын, бірақ лайықты және мәртебелі жұмысты таңдадыңыздар. Осы еңбектің арқасында жүз мыңдаған жасөспірім білім алады. Олардың көпшілігі халықаралық және республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл жұмыстың көрсеткіші», – деді облыс басшысы.

WhatsApp Image 2018-10-04 at 10.47.08

Өңірдің педагогикалық қызметкерлерімен кездесуде кадрлардың жетіспеушілігі атап өтілді. Өткен жылы жергілікті бюджеттің қолдауымен 222 білім гранты бөлінді, оның 159-ы педагогикалық мамандықтар бойынша. Ал, 2018 жылы гранттар саны 234-ке дейін өскен.

«Осы қарқында бес-алты жылдан кейін білікті кадрлар тапшылығы мәселесін шеше аламыз. Біз тұрақты бәсекелестік әлемінде тұрамыз. Табысты дамып, бәсекелесу үшін лайықты және білімді ұрпақты тәрбиелеу керек. Барлық кезде мұғалім өз ісіне берік болды. Сіздерге еңбектеріңіз үшін рахмет», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Кездесудің шарықтау шегі педагогтардың құрметіне арналған гала-концерт болды. Әртістердің өнерлері мен театрландырылған шоу қатысушыларды бей-жай қалдырмады.

Мереке соңында облыс әкімі өз әріптестерінің, оқушылары мен ата-аналарының алғысы мен құрметіне ие болған мұғалімдерге «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерін табыс етті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз