Жарнама
Білім

«Жаңа тенденциядағы мұғалім»

Бүгінде білім саласында жағымды жаңалық көп. Дегенмен, түйіні тарқатылмаған тұстар да бар. Соның бір мысалы мынадай. Қарапайым мұғалім біліктілігін арттырып, тиісті санатын алуы үшін көп еңбектенуі керек. әсіресе, ғылыми жұмыстар жасауға басымдық беруі тиіс. Ал, оның күрделілігі сонша, жобаларды қолға алуға жоғары оқу орындарының мүйізі қарағайдай ғалымдарының өзі қиналып қалады. Сонда дейміз-ау, ұстаз шәкіртіне қай уақытта білім беріп, оның бойына тәлімді тәрбиені қашан сіңіреді? Педагог қашан қағазбастылықтан құтылады?

Қоғамда кеңінен талқыланып жүрген осындай ауқымды тақырыптар Атырау қаласындағы №42 Н.Балғымбаев атындағы орта мектепте өткен «Жаңа т е н д е н ц и я д а ғ ы м ұ ғ а л і м » тақырыбындағы шеберлік сағатында да айтылып, талқыға түсті. Мәселен, облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының бөлім басшысы Нурила Кулбалиева мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін ж е т і л д і р у м а қ с а т ы н д а  атқарылатын жұмыстар туралы баяндаса, үздік өлкетанушы, белгілі қаламгер Төлеген Жаңабайұлы қоғам мен ұстаз арасындағы байланыс туралы сөз өрбітті.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Аққали Ахметтің пікірі өзгелерге ұқсамады. Ол мәселеге қатысты өзінің ойын әсерлі жеткізді.

skrinshot 2023 11 03 093122

– Б ү г і н г і ш а р а н ы ң мақсаты – мұғалімдерді зерттеу мен ғылыми ізденіске үйретіп, әдістемелік шеберліктерін жетілдіруде бағыт-бағдар беріп, креативті шығармашылық т ұ л ғ а н ы қ а л ы п т а с т ы р у б о л а т ы н , — д е й д і № 4 2 Н.Балғымбаев атындағы орта мектептің директоры Айнамкөз Бисенғалиева.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button