Білім
МАРИНАНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Байқауға қатысушылар қатарында Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығынан қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік тіл оқытушысы Марина Мұғауина да болды.
Байқаудың бірінші кезеңі өзін-өзі таныстырудан басталды. Ол «визиттік карточка» деп аталды және еркін, креативті түрде өтті. Екінші бөлім –электрондық портфолиоларын талдау. Үшінші шарты – ересектерге сабақ өткізу. Алдын ала таңдалған тақырыптар бойынша 8-10 тыңдаушыдан құралған аудиторияда сабақ берілді.
Міне, осындай сындардан өтіп, қазылар алқасының ұйғаруымен Марина Мұғауина жүлделі 2 орынды еншілеп оралды.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.