АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДА

img 20220714 wa0058 Білім

Атырау облысында 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Соның бірі Атырау жоғары медициналық колледжіне мемлекеттік тапсырыс негізінде 275 грант тағайындалды. Ақылы негізде 300, барлығы 575 орын жоспарлануда, деп хабарлайды Облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау электронды EDUS порталы және құжат түрінде қабылданады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде құжаттарды қабылдау 20.08.2022 дейін, ақылы негізде қабылдау 25.08.2022 дейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта жалпы саны 340 өтініш қабылданды.

Талапкерлерден құжат қабылдау кезінде “Денсаулық сақтау” бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің ұстанымдарына сәйкес электрондық форматта психометриялық тестілеуден өтеді.

2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар туралы толығырақ ақпарат Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде @atmedcol және atyrmedicalcollege.kz сайтында көрсетілген.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз