Жарнама
Білім

Жасанды интеллект білім беру жүйесіне жаңашылдық әкеледі

Атырауда «Жасанды интеллект: білім берудегі мүмкіндіктер» атты интерактивті форум өтуде.

Жасанды интеллекттің орта буын мамандарын даярлаудағы әсерін талдау және саланы жасанды интеллект технологияларымен дамытуға бейімдеу мен үздік тәсілдерді анықтау, озық тәжірибелерді тарату мақсатын көздеген форумның бағдарламасы бойынша бес Workshop алаңы құрылған.
Мұнда І секция «Цифрлық білім беру ресурсы — педагог құралы», ІІ секция «Нейро-цифрлық ұстаз: трендтегі технологиялар» тақырыбы бойынша өтуде. Ал
кәсіби мен Worldskills стандарттарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту туралы ІІІ секцияда айтылуда. Сонымен қатар демонстрациялық емтихан өткізу ұтымдылығы туралы кеңінен мәліметтер берілуде.
Әлемді кәсіби шеберлік күшімен өзгертеміз: халықаралық Worldskills тәжірибесі ІV секцияда айтылса, V секция жұмысында колледж — бизнес инкубатор ортасы. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес микроквалификацияны әзірлеу және тағайындау тәжірибесіне арналған.
Бағдарлама бойынша шеберлік сабақтар аяқталысымен пленарлық отырыс өткізіледі.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button