Жарнама
Білім

ҚУАНҒАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ СӘБИДІҢ!..

 — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына және Отанын сүйген патриот болып өсуі үшін барлық жағдай жасауды басты міндет етіп қойып отыр. Сондықтан да, жыл сайын республикалық көлемде әр баланың мектепке баруына толық мүмкіндік туғызуды көздеген «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жүр. Бұл маңызды шарадан  ішкі істер қызметкерлері де қалыс қалып көрген емес. Біз бұл үрдісті биыл да жалғастырып, балаларға қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді, — деген облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет полковнигі Николай Васильевич Шемакин оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім айдынында сәттілік тіледі. Ол шәкірттерге оқу құралдары мен мектепке қажетті киім-кешектерді табыс етті.

Мұндай сыйлыққа риза болған балалар полковник ағаларына көкейдегі сауалдарын қойып, қызықты диалог өрбіді. Сәби көңіл өскенде әскери адам, қоғамдық тәртіп сақшысы болуды армандайтындықтарын да жасырып қалмады. «Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып ержетсеңдер, сіздерден бәрі де шығады» деді Николай Васильевич балақайларды құшағына қысып, басынан сипап. Осынау қызықты да, тәрбиелік мәні зор шараға тәнті болған мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алма Нұрғазина:

 — Сіздер бүгін балаларға ерекше қуаныш сезімі мен әкелік тәлім-ғибрат  сыйладыңыздар. Рас, мемлекетіміз отбасы тәрбиесінен сырт қалған балалар мен тұрмысы төмен жанұялардың балаларын жан-жақты қамқорлыққа алған. Бұған қоса, «Мектепке жол» акциясының мынадай халықтық сипат алуы — өте құптарлық қадам, — деп атап айтты.

 

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button