«Мұқағали Мақатаев оқуларынан» жүлдемен оралды

whatsapp image 2022 04 18 at 11.07.40 1 e1650276815414 Білім

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттауға арналған республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» Алматы облысы Райымбек ауданында  жоғары деңгейінде өтті.

Мұқағали Мақатаевтың  91 жылдығының аясында жалауы желбіреген әдеби додаға облыстың әр аймағынан 58 оқушы қатысып, дарындылар үш аталым бойынша бақ сынады.

            Қатысушылар «Айтып  өткен  ақында  арман  бар  ма?»  атты бағытта Мұқғали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Жыр  эстафетасы» аталымында ақынның поэмаларын жатқа айтты. Ал  «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан тұратын өлеңін  қазылар алқасының таңдауы бойынша оқыды.

            Байқауға Атырау облысынан 3 оқушы қатысты. Аталған байқаудың «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша ақын поэмасын жатқа айтудан  Қызылқоға ауданы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының  Х сынып оқушысы Ақбота Нұрғали ІІІ орынды иеленді. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыттары бойынша қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Олар: Құрманғазы ауданы Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің  ІХ сынып оқушысы  Айкөркем Алауова мен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның Х сынып оқушысы  Баянсұлу Сарманова.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз