Ұлттық тәрбие мәселесі әрдайым өзекті болады

7bf393235b926f8a6f0886f2972d236f Білім

    Atr.kz/20 тамыз, 2019 жыл.     «Тамыз конференциясында ел Президентінің тарихы терең дәстүр сабақтастығы туралы мәселені қозғауы ерекше оқиға болды» дейді  Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі  оқытушысы Ақтолқын БИСЕШЕВА.

         «Кезекті тамыз мәслихатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  білім саласын жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалармен қатар ұрпақ тәрбиесі мәселесіне де баса назар аударды. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болатынын баса айтқан ел Президенті ұстаздар алдында тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы ғана берілетінін сөз еткен еді.

         Әсіресе, ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиында дәл осы мәселенің көтерілуі көңілге бір серпін бергендей болды. Себебі, оқушылар арасында қаншама мәдени, тәрбиелік шаралар көптеп ұйымдастырылғанымен ұлттық тәрбие мәселесі әрдайым өзекті тұратын.

         Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндеттің бірі осы. Нақтырақ айтсақ, тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру. Адам бойында ұлттық, адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыруда жатыр. Тамыз мәслихатында «Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс. Кең ауқымда өтіп жатқан «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын дәл осындай бағыттағы өте қажетті, дұрыс бастама деп санаймын» деді Мемлекет басшысы.

        Мәселен, өңірдегі өскелең ұрпақты тәрибелеп, білім беріп отырған оқу орынның бірі Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде оқушылар бойына ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Бір ғана «Жігіт сұлтаны» байқауының өзі бірнеше кезеңдерден тұрып, ер балаларға білуі тиіс салт-жоралғылар үйретіледі. Олар оқу орын қабырғасында ғана емес, арнайы орындарда болып ат баптау, әбзелдер мен олардың жасалу жолдарымен танысып жүр. Сол секілді  қыз бала тәрбиесіне де атсүті қарамай оларды имандылық, ибалық, адамгершілік қасиетке баулитын шаралар ұйымдастырылып келеді. Ал, тамыз мәслихатындағы Мемлекет басшысының бастамасынан кейін бұл бағыттағы істі дамыту мақсатында қарқынды жұмыстар қолға алынатын болады» дейді спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз